Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№4 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ

Мемлекеттік сатып алу


2018 жылдың 9 айының қорытындысы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департамент қызметінің нәтижелері туралы ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-VZRK Заңының 14-бабына сәйкес (бұдан әрі – Заң) 2018 жылдың 9 ай көрсеткіші бойынша 120 аудиторлық іс-шара өткізілді.

Аудиттелген қаражаттың жалпы көлемі 172,3 млрд. теңге болды. Жүзеге асырылған іс-шаралар нәтижесінде 86,8 млрд. теңге немесе 50,4% аудитпен қамтылған жалпы сомасынан құралады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 18,9 млрд. теңгеден астам соманы немесе 21,7 % құрайды, ал процессуалдық бұзушылықтар саны – 20,8 млрд. теңгеге немесе 23,9 % – ға ие болды, мемлекеттік сатып алу туралы заң бұзушылықтар жалпы сомасының 47,1 млрд.теңге немесе 54,4 % анықталды.

Сонымен қатар, өзара іс-қимыл шеңберінде ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган прокурорлары мен қылмыстық қудалау қызметекерлерімен бірлесе Департамент мамандары 56 тексеруге қатысты, тексеру барысында шамамен 7,1 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу 2,4 млрд. теңгені құрады. Толығырақ →