Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «4 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ «Толқын» спорттық кешенінде, Есу арнасы: 010000 Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік, 2 мекен-жайы бойынша орналасқан. тел.: 8(7172) 36-93-50, 36-88-83 электрондық мекен-жайы: dussha_4@mail.ru Мектеп 2001 жылдың көктемінде, Нұр-Сұлтан қаласында су спорт түрлерін дамыту мақсатымен Астана қаласы Әкімдігінің шешімімен ашылды. Сонымен қатар «Толқын» Спорттық кешенінің жаттығу залында барлық бөлімдері спортшыларының оқу-жаттығу сабақтары өтеді. Мектептің жалпы аумағы 1614,6 ш.м., спорттық кешені мен әкімшілік бөлімдері бар. «№ 4 БЖМОРСМ» КММ директоры – Халелов Серик Абдуллаевич. Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары – Тисбаева Анар Сергеевна. Спорт ғимаратының меңгерушісі – Ильясов Абзал Куншыгарович. |
|
Сабақтардың өтетін орындары:
– «Толқын» С/С (жаттығу залы, спорттық залы), Есу арнасы (академиялық есу, байдарка мен каноэ есу);
– Есіл өз. жазғы базасы;
– «Барыс-Арена» МАС, Тұран даңғылы 57 (жүзу, суға секіру).
Оқу-жаттығу сабақтары бекітілген сабақ кестесі бойынша дүйсенбі-сенбі күндері сағат 08.00-20.00-ге дейін өтеді.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты мемлекет пен қоғам қажеттіліктерімен анықталатын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу болып табылады.
Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту мақсатында, дене шынықтыру-сауықтыру және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;
2) жоғары деңгейдегі спортшыларды және спорттық резервті дайындау;
3) спорттық, олардың ішінде республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыру және өткізу;
4) спортшылардың Қазақстан Республикасының, әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарына, Азия, Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындарға, әлем және Азия кубоктарына, басқа да халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық жарыстарға қатысу үшін дайындықтарын қамтамасыз ету;
5) бұқаралық-спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес іс-шараларды өткізу;
6) материалдық-техникалық базасын нығайту;
7) спортшыларды дайындау бойынша спорт ұйымдары жұмысының озық тәжірибесін зерттеу және оны бапкерлердің жұмысына енгізу;
8) спортшылар мен бапкерлерге арналған медициналық, психологиялық, педагогикалық, алдын алу және басқа да қалпына келтіру шараларын өткізу;
9) оқу-жаттығу үдерісі, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарын өткізу уақытында спортшылардың жазатайым оқиғалардан сақтандыруын қамтамасыз ету;
10) Кәсіпорын спортшыларын медициналық-биологиялық қамтамасыз ету