КГУ «Специализированная детско-юношеская спортивная школа олимпийского резерва №4» акимата города Нур-Султан

… Елордада бұқаралық «ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЖҮГІРУ – 2022» жарысы өтті Пандемияға қарсы…

@sport_nursultan

Елордада бұқаралық «ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЖҮГІРУ – 2022» жарысы өтті

Пандемияға қарсы бұқаралық спорттық акция шеңберінде жаппай жүгіру жарысы шаһарымыздың сол жақ жағалауындағы «Қазақ елі» монументі аланыңда басталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы, ҚР Мәдениет және спорт вице министрі Серік Жарасбаев, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов қатысып, 2022 метр қашықтықты жарыс қатысушыларымен бірге бағындырды.

Ералы Лұқпанұлы барша жиналған қала тұрғындары мен қонақтарын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Аталған шара бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтіп, жарысты өзі бастап берді.

200 ге жуық салауатты өмір салтын қолдаушылар қатысқан «Жаңа жылдық» жүгіру жарысының негізгі қашықтығы 2022 метр шақырымды құрады. Бұқаралық іс-шара еліміздің барлық өңірлерінде жалғасын табады.
@sport_nursultan