КГУ «Специализированная детско-юношеская спортивная школа олимпийского резерва №4» акимата города Нур-Султан

Новости из Instagram

Новости из Instagram
@mtex_management басқарушы комапниясы «№4 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебіне» құрғақ жаттығуға арналған арнайы залды спорттық құрал жабдықтармен тегін негізде жабдықтап берді. Барыс Арена спорт кешенінен ашылған жаңа жаттығу аймағында балалардың толыққанды жаттығу жұмыстарын жүргізуіне барлық жағдай жасалған. Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев жаттығу аймағына арнайы барып, жаттықтырушылармен кездесті. Самат Серікқанұлы жаттығу аймағының сапасын жоғары бағалап, Асхат Амантайұлы бастаған «Мtex management» басқарушы комапниясының ұжымына алғысын білдірді. «Балалар мен жасөпірімдер спортына жасап жатқан қолдауларыңыз үшін Спорт басқармасының атынан сіздерге шынайы алғысымды білдіремін. Бұл спорттық жабдықтар біздің балаларымызға сапалы дайындық жұмыстарын жүргізуіне мол мүмкіндік береді. Келешекте Барыс Аренадан талай чемпиондарымыздың шығатынына сенімдімін. Сондай-ақ «Мtex management» компаниясымен елордамыздың спортын дамыту мақсатында алдағы уақытта да бірлесе жұмыс жасаймыз деген ойдамын»-деді басқарма басшысы.Айта кеткен жөн, «Мtex management» ЖШС елордамыздағы ірі спорт нысандарын басқарушы бірден бір комапания. Копанияның басқару құзырына «Барыс-Арена», «Алау», «Астана Арена» спорт кешендері кіреді. №4 Балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв спорт мектебінің спортшылары қазіргі таңда «Барыс-Арена» спорт кешенінде жаттығуларын қайта жандандырды. Ұзындығы 50 метр, 10 жолдан тұратын бассейн, барлық Олимпиадалық талаптарға сай жасалған. Сондай-ақ бассейн заманауи тазалау құрылғыларымен және бассейн түбін тазартуға арналған арнайы роботтармен тазаланады. Қорыта келгенде елордалық спортшылардың еліміздің ең үздік бассейнінде жаттығу жүргізеді деуге толық негіз бар.